Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саусақ іздерімен ашылған ұрлықтар

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының криминалистері 9 пәтерде болған ұрлықты ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалистердің жұмысы көбіне сырт көзге көріне бермейтіні рас. Олардың міндеті — қылмыскер қалдырған барлық ізді іздеу және зерттеу. Жыл басынан бері СҚО ПД жедел криминалистикалық басқармасы бөлімшелерінің қызметкерлері 2,5 мың зерттеу жүргізді.

Талап етілетін бағыттардың бірі — трасология, яғни машина іздерін тану, аяқ киім, қол іздерімен жұмыс. Кейде басқа да іздермен жұмыс істеуге тура келеді. Ақпан айында тоналған пәтерлерді зерттей отырып, криминалистер 24 пленка саусақ іздерін алды. Зерттеу нағыз қылмыскерлерге тиесілі емес екенін көрсетті, саусақ іздері пәтер иелері мен қонақтарына тән екен.

Полицей Азамат Кокушевтің тәжірибелігі арқасында папиллярлық өрнегі жоқ дене бөліктерінің іздерін анықтау қолдан келді.

Үлгімен қатар элементтердің мөлшері мен орналасуы бойынша 1977 жылы туған елорданың бұрын сотталған тұрғынымен сәйкес келгенін көрсетті.

Бұл қызықты криминалистикалық зерттеудің егжей-тегжейі тергеу мүддесінде байланысты айтыла бермейді. Көп ұзамай күдіктілердің тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Екі қылмыс бойынша келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге шықты. Қазір тергеу амалдары жалғасып, олардың басқа эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

“Жыл басынан бері СҚО криминалистері “Папилон” ақпараттық жүйесі массивіне 278 қылмыс орнынан алынған 1295 қол ізін енгізді, — деп мәлімдеді СҚО ПД ЖКБ басшысы Игорь Семенов. Дактоесептердің жұмысы 94 қылмыстың ашылуына ықпал етті, оның ішінде 56 ұрлық, 9 пәтер ұрлығы анықталды”.

Қаңтар айынан бастап ЖКБ бөлімшелерінің қызметкерлері 621 қылмыс орнын тексерді.

Екі жылжымалы криминалистикалық зертхана оқиға орнында қажетті сараптама жүргізу үшін 32 рет оқиға орнында болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру