Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдағы көмек: тәртіп сақшысы марапатталды

Қызылордалық тәртіп сақшысы жолда қалып қойған көлік жүргізушісі мен оның жолаушыларына көмек көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 наурыз күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауыл тұрғыны Назымкүл Калхозова Жаңақорған аудандық полиция бөліміне келіп аудандық учаскелік полиция инспекторы Марат Исмайловқа алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

4 наурыз күні түнгі уақытта ауыл тұрғыны ұлымен “Газель” көлігімен жолға шығып, кенеттен ауа райы бұзылып, күн қатты суытуына байланысты көліктің техникалық ақау салдарынан автокөлігі
жүрмей, жолда тоқтауға мәжбүр болған. Жаңақорған – Шалхия тас жолының бойында жолда қалған.

Түнде көмек қолын созатын көлік болмай, өздері де қатты тоңа бастайды. Қайдан көмек сұрайтындығын білмей тұрғанда автокөлікпен келе жатқан полиция қызметкері тоқтап, қандай көмек керек екенін біліп, жөн сұрап ұлы екеуін өзінің көлігіне отырғызып,  жол жүргіншілерінің көлікінің ақауын тауып, Жаңақорған кентінен тиісті көлік бөлшегін жеткізіп, жүргізіп берген. Полицей жолда қалған азаматтарға қолдан келген көмегін көрсеткен.

Тұрғын Н.Калхозова өз үйіне аман – есен жеткен соң, Жаңақорған ауданы, Шалхия кентіне бекітілген Марат есімді полиция қызметкерінің «Полиция менің қорғаным – деген атқа нағыз лайықты қызметкер» екендігін айта келіп, өз алғыс хатын табыстады. Аудандық полиция бөлімшесінің ұжымына алдағы уақытта нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп, халықтың
тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде толағай табыстарға жетуге алғыс білдірді.

Қызылорда облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін күшейтілген кезекшілікке қызметке түсіп, жұмыс атқарып жатыр.

Жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті жолға шыққанда қауіпсіздік ережелерін, жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру