Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Досына қонаққа келген жігіт үйдегі алтын бұйымдарды жымқырып кеткен

Түркістан облысында досына қонаққа келген жігіт үйдегі алтын бұйымдарды жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның алтын бұйымдарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 500 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылар ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жедел-іздестіру шараларын атқарды. Нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті, бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Анықталғандай, шымкенттік жас жігіт арызданушының ұлының досы. Жігіт досының үйінде қонақ ретінде бірнеше күн болған. Ол өз қылмысын еш алаңдаусыз іске асырып, сырт киімнің қалтасынан алтын бұйымдарды жымқырған. Содан соң Шымкент қаласындағы ломбардқа өткізіп жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру