Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкен иесі сату лицензиясынан айырылды

Павлодарда дүкен иесі бірнеше рет қайталанған бұзушылығы үшін сату лицензиясынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.
Алкогольді заңсыз сатумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында павлодарлық полиция үнемі алкоголь сатылатын жерлерде рейдтер өткізеді.


Жыл басынан бері полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБК 200-бабы (алкогольді ішімдіктерді сату туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу) бойынша 105 фактіні анықтады. Бүгінгі таңда облыс орталығындағы үш дүкен осы бапты бірнеше рет бұзғаны үшін лицензиядан айырылған.

Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар кезінде Бестужев көшесінде орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде 21 жасқа толмаған адамға сыра сату фактісін анықтады. Осы фактіге ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Биыл осы дүкеннің иесі осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтан, бірнеше рет бұзғаны үшін дүкен иесіне 80 АЕК айыппұл салынды. Сонымен қатар дүкен иесі алкоголь сатуға арналған лицензиядан айырылды.


Алкогольге қарсы заңнаманың бұзылуы тағы бір павлодарлық дүкенде анықталды. 2020 жылғы 11 мамырда сағат 13:48-де Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Шөкін көшесі бойынша орналасқан дүкендердің бірінде 47 жастағы сатушы 21 жасқа толмаған адамға екі банка сыра сатты. Аталған факті бойынша дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру