Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар игі іс жасады

Қызылорда облысындағы пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар еріктілер қатарына қосылып, игі іс жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Байқоңыр қалалық пробация қызметінде 101 адам есепте тұр. Осы есептегілердің арасынан шыққан еріктілер “Жастар ресурстық орталығы” Байқоңыр қалалық бөлімінің еріктілері қатарына қосылып,  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып,  оларға  азық-түлік себеттерін сыйлап, бүгінгі бейбіт күн, ашық аспанымыз үшін алғыстарын білдірді.

Байқоңыр қаласының тұрғыны,  тыл ардагері Күнзила Кішкенееваны құттықтап, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 75 жыл төсбелгісімен марапаттап, сыйлықтарын  табыстады.

Ардагер Отан үшін, жеңіс үшін  тылда жүріп, күн-түн демей, аянбай еңбек етіп, Ұлы Жеңіске қосқан үлесін жастарға баяндап берді.

“Біздің көрген қиыншылығымызды сендер жастар көрмеңдер, келешек сендердікі, елге  адал қызмет етіңдер”, – деп ақ батасын беріп, алғысын айтты.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру