Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдықтардың құжаттары қалпына келтіріліп жатыр

Түркістан облысы ПД көші-қон және әкімшілік полиция қызметкерлері су басқан кезде жоғалған Мақтаарал ауданы тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінің қызметкерлері 500-ден астам тұрғын эвакуацияланған мектептердің біріне барды. Полиция қызметкерлерімен
тексеру барысында бірнеше құжат жоғалту жайттарын анықтады, оның ішінде жеке
куәліктер және үйдің құжаттарды жоғалған.

Мысалы, Мақтаарал ауданы, Жеңіс ауылының төрт тұрғыны су басу аймағынан көшірілген кезде жеке куәліктердің жоғалуына байланысты тәртіп сақшыларына хабарлап, көмегіне жүгінді.

Қазіргі таңда көші-қон қызметінің қызметкерлері Мақтаарал ауданынан тиісті жоғалған құжаттарды жинап, қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, көрші мемлекеттегі су қоймасындағы апат салдарынан Мақтаарал ауданының бірнеше ауылдары зардап шеккен болатын. Түркістан облысының полицейлері, әскери қызметкерлер және құтқарушылармен бірге су басқан аумақтардың тұрғындарын және үй малын қауіпсіз аймаққа көшірді. Қазіргі уақытта ТЖ орнында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру