Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу жалғасуда

Ақмола полицейлері көлік иелеріне Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу мәселелері бойынша кеңес береді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Тек бір күнде ғана полиция қызметкерлерінен Ресейден, Армениядан, Қырғызстаннан және Беларусиядан әкелінген 30-ға жуық автокөлік иелері білікті көмек алды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ағымдағы жылдың 1-29 ақпан аралығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу жүргізілуде. Ақмола облысында полицейлер тиісті жұмысты ұйымдастырды. 1 ақпаннан бастап Көкшетау қаласының мамандандырылған ХҚКО-да әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп автокөлік иелеріне көлікті уақытша есепке алу немесе тұрақты тіркеу қалай жүргізілетіндігін түсіндірді. Облыс орталығынан басқа, автокөлік иелерін қабылдау облыстың басқа да ірі аймақтарында: Степногорск, Ақкөл, Щучинск, Есіл, Атбасар және Державинск қалаларында да жүргізіледі.

Полицейлер атап өткендей, бір ай ішінде Көкшетау қаласының мамандандырылған ХҚКО және аудандардың бағасы демалыссыз ерекше кесте бойынша жұмыс істейтін болады.Шетелдік автокөлік иелері үшін қажетті құжаттар пакетіне: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірлік белгілер, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжат, сондай-ақ бастапқы тіркеуге төлем туралы және мемлекеттік нөмір мен техпаспортты дайындағаны үшін баж төлегені туралы түбіртек кіреді. Уақытша тіркеуден кейін қазақстандықтар 1 жыл ішінде кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығын төлей алады.

Мұндай көлік иелеріне 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір беріледі, ал техпаспортта тиісті белгі пайда болады.

Сондай-ақ, Ақмола облысының әкімшілік полиция басқармасында арнайы Call-орталық құрылды, онда азаматтар ЕАЭО елдерінен автокөліктерді уақытша тіркеудің барлық мәселелері бойынша төмендегі телефон нөмерлеріне хабарласа алады: 8-716-2-29-98-37, ӘПБ аға автоинспекторы полиция майоры Владимир Васильевич Букрееев (моб. 87771000102), аға мемлекеттік автоинспектор полиция майоры  Буканов Аслан Жасуланович (моб. 87077811176).

ЕАЭО елдерінен автокөліктерге уақытша тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру