Екі мыңнан астам павлодарлық абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жазаланды
Екі мыңнан астам павлодарлық абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлық полицейлер абаттандыру ережелерін бұзушылықтарды бойынша тұрақты негізде рейдтер жүргізеді. Құрылыс және тұрмыстық қалдықтар, қоқыстар, қоқыс тастайтын жерлерді қаланың әртүрлі бөліктерінде, әсіресе жеке секторда кездестіруге болады.
– 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде полиция қызметкерлері қаланы ластайтын бұзушылықтарға 2261 хаттама жасады, – деп хабарлайды Павлодар қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Каптаев.
Учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралау барысында тұрғындарға аулалардағы тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы үнемі ескертеді. Қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің тұрақты бақылауында. Полицейлер болашақта тәртіпсіздікке жол бермеу қылмыстық жағдайды сауықтыруға әсер ететінін атап өтті.
Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады. Жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-100 АЕК мөлшерінде.
Сонымен қатар, бір жыл ішінде бірнеше рет бұзылған жағдайда айыппұлдар айтарлықтай өсетініне назар аударамыз. Жеке тұлғалар үшін 10 АЕК-ке, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 300 АЕК-ке дейін.
– Айта кетейік, бірінші рет тартылған тәртіп бұзушылар үшін санкция ретінде полиция ескертумен шектеледі, ал егер құқық бұзушылық қайталануы орын алса, айыппұлдан жалтару мүмкін болмайды. Айта кетейік, осы жылдың өзінде жалпы сомасы 2 млн 649 мың теңгеге айыппұл салынды, – деп түйіндеді спикер.