Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер із-түссіз жоғалған екі петропавлдықты іздестіруде

Полицейлер із-түссіз жоғалған екі петропавлдықты іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тоғыз күннен бері 59 жастағы Рифкат Алимов Леониовичтің туыстары оның қай жерде жүргенінен бейхабар. Ер адам үйден кетіп, оралмаған.

Оның ерекше белгілері: бойы 175 см, ақ шашты, сақалды, көк көзді, сол жақ бетінде тыртық, оң қолыңда алақаннан шынтаққа дейін күйіктен қалған тыртық бар. Үстінде қара қалпақ, пенжек, сарғыш түсті жеңіл жейде, көгілдір түсті джинсы болған.

Дәл сол күні қалалық полиция бөліміне 34 жастағы Юрий Молчанов Викторовичтің жоғалғаны туралы арыз түсті.

Ерекше белгілері: бойы 170 см, шашы ақшылт-қара, көзі көк, қыр мұрынды. Үстінде қара шолақ шалбар, қою көк жеңіл жейде, ақ спорттық кроссовки болған.

– Іздестіру шаралары тек облыс орталығында ғана емес, жақын маңдағы аудандарда да жүргізілуде; мұнда полицейлер, еріктілер, жұртшылық тартылды. Бағдарлар барлық бөлімшелерге жіберіліп, әлеуметтік желілерде таратылды. Іс түссіз жоғалғандар туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз мына нөмірлерге қоңырау шалуды сұраймыз: 8-(7152) 49-39-49, 49-30-74, 8-747-559-70-71 немесе “102” арнасы, – дейді Петропавл қалалық ПБ бастығы Жандос Мұқатов.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полиция бөліністеріне адамдардың жоғалып кетуі туралы 275 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 270-і табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру