Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда балалар қауіпсіздігіне арналған профилактикалық акция өткізілді

Екібастұзда полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, балалардың көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары түсіндірілді.

Полицейлер ата-аналарды балалармен қауіпсіздік ережелері туралы жиі әңгімелесуге, олардың бос уақытын бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Мұндай акциялардың басты мақсаты – балалардың қатысуымен болатын келеңсіз оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру