Екібастұзда дүкен сатушысы жасөспірімге сыра сатқан
Екібастұзда дүкен сатушысы жасөспірімге сыра сатқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының Энергетиков көшесіндегі шағын ауданды патрульдеу кезінде дүкен сатушысының 17 жастағы кәмелетке толмаған балаға сыра сату фактісі анықталды. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
- Биылғы жылдың есептік кезеңінде ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша 23 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.