Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елде ТЖ-кафеде той: Қостанайда тәртіп бұзушыларды анықтады

Қостанайда төтенше жағдай режимін бұзудың үш фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ТЖ режимін сақтау бойынша полицияның күнделікті рейдтері әкімдік пен СЭС өкілдерімен бірлесе отырып, барлық азаматтар СОVID-19 вирусына қарсы қауіптерге және мемлекет қабылдаған алдын алу шараларына байыпты қарамайтынын көрсетеді.

Екі күн ішінде тексерілген Қостанай облысының 80 кафе мен мейрамханаларының ішінен белгіленген уақыттан кейін бірнеше көңіл көтеру орны жұмыс істеген. ТЖ режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимін бұзу” бойынша үш дәмхананың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қарастырылған жаза: 10 АЕК мөлшерінде айыппұл (26,5 мың теңге) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.

ТЖ режимінің талаптары бойынша ірі сауда объектілерінің жұмыс уақыты – 10:00-ден 18.00-ге дейін,базарлардың жұмыс уақыты-11.00-ден 17.00-ге дейін шектелді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс, келушілерді тек 22.00-ге дейін қабылдау қажет. Тәртіп сақшылары барлық әкімшіліктермен және мекеме иелерімен рейд кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жақын арада әкімшілік материалдар сотқа қарау үшін берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру