Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елімізде теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткен 12 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды

Биыл 12 581 азамат теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов айтуынша, Жыл басынан бері департаменттің қызмет көрсету аумағында локомотивтердің шұғыл тежелуінің 620 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуына байланысты – 154, үй жануарларының теміржол төсемінде болуымен – 365, сондай-ақ рельстерге бөгде заттарды қалдыру бойынша бір дерек тіркелді.

Ағымдағы жылдың 5 айында белгіленбеген жерлерден темір жолдарды кесіп өткені үшін 12 581 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың теміржол көлігімен жарақаттануының 27 фактісі тіркелді, оның жартысынан көбі өліммен аяқталды.

– Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтуі, теміржолдағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Болып жатқан қайғылы статистика жасөспірімдерге де, ересектерге де ой салу керек. Мұқияттылық пен қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулығыңызды, тіпті өміріңізді сақтап қалады. Өмір – қолымыздағы ең қымбат қазына. Оны естен шығармау қажет, – деді М.Айтуғанов.

Спикер қайғылы жағдайлардың алдын алу, жолын кесу мақсатында көлік полицейлері теміржол ұйымдарында, оқу орындарында профилактикалық сипаттағы белсенді жұмыстар жүргізіп, халықпен кездесу өткізіп жатқанын атап өтті. Алайда, ең алдымен, азаматтардың өздері теміржолдағы тәртіп ережелерін қатаң сақтап, сигналдарға мән беріп, сондай-ақ өзгелерді де ескерткені жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру