Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция басшысы Бакуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ІІО бөліністерінің басшыларымен кездесті

Қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективалары Әзірбайжанның елордасы Баку қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдарының елордалық бөліністері басшыларының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңесті Әзірбайжан Республикасының Ішкі істер министрі Эйвазов Вилаят Сулейман оглы ашты. Кеңеске Баку қаласы полиция басқармасының бастығы Исмаилов Акбар Меджид оглы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмыспен және өзге де қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі бюроның директоры Олег Коновалов, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы ІІМ делегациясы қатысты. Қазақстаннан барған делегацияны Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев басқарды.

Кеңес Каспий теңізінің жағасында орналасқан Загульба кентінде Әзірбайжан ІІМ-нің Хазри шипажайының аумағында өтті.

Кеңесте талқыланған негізгі тақырыптар қылмыстылықтың жай-күйі және елордалық өңірлерде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар, аса қауіпті қылмыс түрлерімен күрес мәселесінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдарының елордалық бөліністерімен ынтымақтастық перспективалары төңірегінде болды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ мүдделері мен бірінші кезектегі міндеттерінің қатарында қылмысқа қарсы іс-қимыл өзгеріссіз қалып тұр. Қазақстан, оның ішінде құқық қорғау органдары халықаралық міндеттемелерін, әсіресе қылмысқа қарсы күрес шеңберіндегі міндеттерін орындауға тиісті жауапкершілікпен қарайды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ ТМД елдерінің бірлескен полицейлік іс-қимылды жандандыруға бағытталған құқық қорғау бастамасын толыққанды қолдайды.

Сан қырлы форматтағы жұмыстардың басты бағыттарының бірі – ТМД Ішкі істер министрлігі кеңесі шеңберінде өзара іс-қимыл жасасу.

Біздегі көптеген мәселелер шекаралық сипатта екені және оны тек бірлескен күшпен ғана шешуге болатыны атап өтілді. Бүгінгі күні халықаралық келісімдер шеңберінде ұзақ рәсімдермен байланысты көптеген мәселелер бар. Негізінен бұл қылмыскерлерді іздестіруге және этаппен алып жүруге, халықаралық тапсырмаларды орындауға қатысты.

Кейінгі жылдары қылмыстылық интернет-кеңістікті белсенді түрде жайлап отыр. Ұрлық, тонау және қарақшылық сияқты дәстүрлі қылмыстар екінші кезекке ауысып, оның орнын киберқылмыстар ығыстырып жатыр.

Марат Төлебаев ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалатын қылмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде бұндай қылмыстардың саны 5 есеге, елорда аумағында 4 есеге көбейген. Өзге елдер сияқты Қазақстан үшін де бұл проблема өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.

– Бүгінгі күні құқыққа қайшы мазмұндағы жарнамалар мен хабарландыруларға тосқауыл қою бойынша бірлескен жедел алгоритм қажет. Халықаралық келісімдер шеңберіндегі қолда бар өзара көмек арналары моральдық тұрғыда ескірген және ұжымдық қайта қарауды талап етеді. Сұратылатын мәліметтермен алмасу үшін жедел байланыс араналарын ретке келтіру және жауапты ұсыну уақытын 24 сағатқа дейін қысқарту қажет. Бұндай практика киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімділігіне оң ықпал етеді, – деді Марат Төлебаев.

Елордалық ведомствоның басшысы, ІІМ цифрлық даму министрлігі және ұялы байланыс операторымен бірлесіп нөмірлерді ауыстыру бойынша программалық қамтуды пайдалана отырып қоңырауларды бұғаттауға мүмкіндік беретін “Антифрод” жүйесі енгізгенін атап өтті.

“Киберпол” пилоттық жобасы іске қосылды, оның мақсаты қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жаңа алгоритмді бекіту, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қылмыстарды тергеу және ашу бойынша мамандандыру болып табылады. Бұл жоба өзін оң жағынан дәлелдеді. Оны бүкіл ел бойынша масштабтау мәселесі қарастырылып жатыр.

Кездесу барысында елордалық полиция басшысы ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қатерлер қатарына жатқызылған нашақорлықтың өзекті мәселесіне тоқталды.

– Қабылданған нормалардың арқасында Қазақстанда синтетикалық есірткінің барлық белгілі қауіпті түрлері бақыланып жатыр. Интернет арқылы есірткіні тарату және жарнамалау үшін жауапкершілік күшейтілді, – деп түйіндеді ол.

Өз сөзін қорытындылай келе, Марат Төлебаев қазақстандық елордалық полиция ынтымақтастыққа ашық екенін және өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтті. Бұл жиналыстың бар проблемаларды тереңірек түсінуге, пікір мен тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын белгілеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді, сондай-ақ әріптестеріне жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін, қатысушыларды Бакудың көрікті жерлеріне баратын мәдени бағдарлама күтіп тұрды. Қонақтар Гейдар Алиев орталығына, Ичери-шехер тарихи-сәулет қорығына барды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру