Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицей көркемөнерпаздар байқауының жеңімпазы атанды

“Міндет. Абырой. Ерлік” республикалық шығармашылық байқауында Алматы қалалық ПД жедел басқару орталығының инспекторы Алмас Күнтаев екінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-де Қазақстан полициясы күні қарсаңында “Міндет. Абырой. Ерлік” республикалық көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.

Оған 50-ге жуық шығармашылық топтар мен жеке орындаушылар қатысты.
Байқаудың басты тақырыбы Қазақстан халқының бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар болды.

 

Қазылар алқасы қатысушыларды бірнеше санат бойынша бағалады: әртістік шеберлік, сахнада тұру қабілеті және қойылымның эмоционалдық құрамдас бөлігі.

Алмас Күнтаев “Эстрадалық ән айту. Соло” номинациясында ерекшеленді.

– Мен мұндай ауқымдағы шараларға төртінші рет қатысып отырмын. Осыдан бірнеше жыл бұрын Тараз қаласында бірінші орын алған болатынмын. Ішкі істер органдарында 2018 жылдан бері қызмет етіп келемін. Мен бұрын-соңды әншілік, музыкалық білім алған емеспін, өзімнің жақсы дауысым мен қабілетім бар екенін отбасылық ортада ескі әнді айтып жүргенде кездейсоқ байқадым. Шынымды айтсам, бұл мен үшін нағыз жаңалық болды, – дейді Алмас Күнтаев.

Байқаудың басқа лауреаттары сияқты Алмас Күнтаевқа диплом мен естелік сыйлық табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру