Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері люк қақпақтарын ұрлаған үшеуді ұстады

Елорда полицейлері люк қақпақтарын ұрлаған үшеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындар, ПИК, МИБ және учаскелік полицейлер арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында тұрғындардың бірлескен чаттары жұмыс істейді. Онда профилактикалық ақпарат орналастырылады, құқықтық тәртіпті бұзу, қала тұрғындарының проблемалық мәселелері қаралады.

Ұлы Дала даңғылындағы көппәтерлі үйдің тұрғындарын чатына түнгі сағат 00.30 шамасында үш белгісіз ер адам сұр түсті Lada 21099 көлігімен келіп, үйдің бойында орналасқан үш су ағатын люктің металл қақпақтарын ұрлап, содан кейін Нәжімеденов көшесіне қарай жүріп кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Белсенді азаматтық позицияны ұстанған үй тұрғыны болып жатқан мәселені телефон камерасына түсіріп, WhatsApp чатқа салған.

Аталған аумаққа қызмет көрсететін Есіл ауданы ПБ учаскелік инспекторы Нұрлан Молдабеков ПД Жедел басқару орталығын хабардар етіп, автокөлікке бағдар берді. Алайда сол кезде полицейлер қылмыскерлердің ізіне түсе алмады.

Келесі күні тұрғындар таныс көлікті тағы да байқап, бірден чатқа жазған. Полиция қызметкері Молдабеков ЖПП қызметкерлерімен бірлесе күдіктілерді “ізін суытпай” ұстады. Бұл жолы ұрылар тағы 5-6 люкті ұрламақ болып, жүктеуге дайындап қойған.

22, 28 және 31 жастағы ұсталғандар өздерінің кінәсін мойындап, бұрын ұрланған мүлікті қандай металл қабылдағышқа тапсырғанын көрсетті. Қазіргі уақытта ұрланған люктер тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамдардың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру