Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан Тәжікстан азаматын ұстады

Елорда полицейлері мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан Тәжікстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда көшелерінде және қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 21 ақпаннан бастап “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара басталғаннан бері полиция қызметкерлері шетел азаматтарының ел аумағында болу ережелерін бұзудың 184 фактісін анықтады, мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Елден 20 шетелдік азамат шығарылды, Қазақстан Республикасында жергілікті уәкілетті органдардың рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, жеке тасымалдаумен айналысатын 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, полиция қызметкерлері жолаушыларды жеке тасымалдаумен айналысқан Тәжікстан Республикасының 26 жастағы азаматын мобильді қосымша арқылы ұстады. Еңбек қызметін рұқсат алмай жүзеге асыру және ҚР аумағында заңсыз болу фактісі бойынша шетелдікке қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімі бойынша азамат ҚР аумағынан әкімшілік шығарып жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру