Елорда тұрғындары учаскелік инспекторға алғыс білдірді
Елорда тұрғындары учаскелік инспекторға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің Сарыарқа ауданы полиция басқармасына қарасты №87 полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Рүстем Нуралиннің атына тұрғындардан "iKomek" бірыңғай байланыс орталығы арқылы алғыс хат келіп түсті.
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары өз өтініштеріне дер кезінде, жедел әрі сапалы жауап алғандарын атап өтті. Олар учаскелік инспектордың жоғары кәсібилігіне, қызметіне деген жауапкершілігіне және тұрғындармен тиімді кері байланыс орната білуіне ерекше ризашылық білдірді.
Тұрғындардың айтуынша Рүстем Нуралин бекітілген аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар ол тұрғындардың арыз-шағымдарына бейжай қарамай, әрбір өтінішті мұқият қарап, заң аясында жедел шешім қабылдайды.
Алғыс білдірушілер өз хатында полиция майорына шынайы ризашылықтарын жеткізіп, оған зор денсаулық, отбасына амандық, қызметінде табыс және алдағы уақытта мансаптық өсу тіледі.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықпен өзара сенімді нығайту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.
