Елорда тұрғыны гардеробтан жұбайы үшін күртеше ұрлап кеткен
Елорда тұрғыны гардеробтан жұбайы үшін күртеше ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны полицияға боулингте киімдер ілініп тұрған жерден оның күртешесін ұрлап кеткені туралы арызбен жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы криминалдық полиция қызметкерлері елорданың 30 жастағы тұрғынын анықтады.
Кешкі уақытта ол жұбайымен бірге сауда үйіндегі телефон жөндейтін бутикке келгені анықталды. Жөндеуді күтіп отырған олар боулингке барған, онда жұбайы сусындар сатып алу үшін барға кеткенде ер адам гардеробтың жанында қалған. Қылмыстық ниетпен, ол жұбайына сыйлық жасамақшы болып, ілініп тұрағн күртешені шешіп алып, жасырынып қалған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.