Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 117 фактісі тіркелген

Жетісу облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 117 фактісі тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде интернет-алаяқтық жағдайларының көбейген. Осы жылдың екі айында ғана аймақта 117 факт тіркелді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көбейгенін атап өту қажет.

Негізінен адамдар ақша-қаражатын тиімді инвестициялауға қатысты әлеуметтік желілердегі жарнамаларға көп алданып қалады. Алаяқтардың айла-амалдары онлайн-шопинг пайда болуымен айтарлықтай кеңейді. Олар көбінесе мүлікті сату туралы жалған хабарландырулар жариялайды және оның құнын тиісінше төмендетеді. Жиған ақшасын үнемдегісі келіп, интернет-аударымдар арқылы күмәнді шоттарға алдын-ала төлем жасайтын азаматтар алаяқтардың тұзағына түседі. Әрине, соңында тауардан да, ақшадан да айырылады. Алаяқтар ақша шоттарындағы жинақтарды ұрлау үшін немесе банктік несиелерді, оның ішінде тауарлық-ақшалай несиелерді ресімдеу кезінде азаматтардың жеке деректерін пайдаланады.

– Полиция осы уақытқа дейін 41 алаяқтықты ашып, осындай қылмыстарға қатысы бар деп күдіктелген 15 адамды ұстады. Талдау көрсеткендей, алаяқтардың әрекетінен Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданының тұрғындары көп зардап шеккен. Онда 100-ден астам факті тіркелді. Талдықорған қаласында полицейлер 8 алаяқтық фактісіне қатысы бар екені дәлелденген қылмыстық қос адамды ұстады. Талдықорғанның тағы бір тұрғыны 7 фактіге, екіншісі 5 эпизод бойынша күдіктенеді. Келтірілген залалдың мөлшері өте үлкен. Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар дәлелдерді тауып, оларды қылмыстық тергеу материалдарына тіркеп үлгерді, – деді Жетісу облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Лариса Кан.

Полиция қызметкерлері азаматтарды өз шоттарын мұқият қадағалап, жинақтарына ұқыпты қарауға шақырады. Тегін ірімшік тек тышқанның қақпағында болады деген ескі сөзді естен шығармаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру