Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ұйым қызметкері кеңседен ноутбукты қолды еткен

Астанада ұйым қызметкері кеңседен ноутбукты қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданын полиция бөлімінің полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде компьютерді ұрлау күдігі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында күдіктінің құрылыс нысанында лифт бойынша қызмет көрсету операторы болып жұмыс істейтіні анықталды. Нәжімеденов көшесіндегі нысанға келіп, жас жігіт әріптесіне тиесілі Acer маркалы ноутбугын байқаған. Қылмыстық ниетпен ол ноутбукты сөмкесіне салып, нысаннан алып шыққан. Осыдан кейін ол оны ломбардқа өткізіп жіберген.

Полицейлер анықтаған ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдеме тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің (Ұрлық) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру