Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері заңсыз ауланған балықты тасымалдаған браконьерді құрықтады

Қарағанды облысының полицейлері заңсыз ауланған балықты тасымалдаған браконьерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы – Екатеринбург тас жолында 39 жастағы Қарағанды қаласы тұрғынының басқаруында жеңіл автокөлік тоқтатылған. Сондай-ақ көлікте 68 жастағы жолаушы болған.

Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері көліктен жалпы салмағы 155 келі 20 қап ауланған балық, палатка және екі мұз тескіш құралын тәркіледі. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.


Сондай-ақ Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Балқаш көлінің маңында 54 жастағы Ақтоғай ауданы тұрғынының басқаруындағы жол талғамайтын көлік тоқтатылды. Көліктен полиция қызметкерлерімен 105 келі балық тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 398 мың теңгені құрады.

Екі дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабына (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру