Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны манекеннің үстіндегі киімді ұрлап кетті

Нұр-Сұлтанда ұры сауда үйлерінің бірінде дәлізде тұрған манекеннен сыртқы киімді шешіп, ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 35 жастағы тұрғынын ұстады. Оның бір жыл бұрын «Ұрлық» бабы бойынша қылмыс жасағаны белгілі болды.
Тергеу барысында ер адамның «Рахмет» СҮ-не келгені анықталды. Киім сатушының бутиктен шығып кеткенін байқаған қаскүнем сыртқы киіммен тұрған манекендерге жақындайды. Ол манекеннен құны 32 600 теңге тұратын әйелдер пальтосын шешіп ұрлап алып, қылмыс орнынан кетіп қалған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындады, заттай айғақ ретінде сырт киім алынды. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Еске сала кетейік, елорда аумағында көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» атты жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-алдын алу шарасы басталғаннан бері 24 мыңнан астам тұрғын үй массивтері мен басқа да нысандарды аралау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, профилактикалық іс-шара басталғаннан бері 18 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 2 мыңнан астам ұсақ бұзақылық фактілері, 4 мыңға жуығы алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактілері. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 190 жүргізуші ұсталды. Қабылдап-бөлу орнына 148 адам орналастырылды, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына 94 кәмелетке толмаған орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру