Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер автопарктер мен қоғамдық көліктерді тексеруде

Нұр-Сұлтанда полицейлер автопарктер мен қоғамдық көліктердің техникалық жағдайын тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 21 ақпаны мен 2 наурызы аралығында елорда аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылармен багажды тасымалдайтын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Аталған шара аясында жүргізушілер мен автобустарды рейс алдында медициналық және техникалық байқаудан өткендігін тексеру, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау және қоғамдық көліктердің, оның ішінде такси автомобильдерінің заңсыз қайта жабдықталуына тексеріс жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аялдамаларында, маршруттық автобус салондарында қалта ұрлығын болдырмау және билетсіз жүрушілердің қоғамдық көлікте жол жүру фактілерінің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Көліктік бақылау инспекциясының, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ, қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, қалалық және мектеп автобустарының жолға шығар алдында олардың техникалық жай-күйін тексеру бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру