Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғынынан героин тәркіленді

Елорда тұрғынынан героиннің бір реттік бес дозасы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде елорда аумағында есірткі құралдарын өткізуге қатысы бар адамдардың қызметіне тосқауыл қойды.

Есірткіні сақтағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған 64 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Жеке тінту барысында одан сатуға дайындалған героиннің бір реттік бес дозасы тәркіленді.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру