Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада бөтен біреудің телефонын ала қашқан азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында адам тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға қала көшелерінің бірінде ұялы телефонын алып, қашып кеткен жас жігітке шара қолдану туралы жүгінген.

Жәбірленушінің айтуы бойынша, оған жас жігіт кенеттен жолығып, шұғыл қоңырау шалып алу үшін ұялы телефонын бере тұруын сұраған кезде ол мас болған.

Ер адам бас тартпастан телефонын берген кезде, ол ұялы телефонды алып, көшенің бойымен қаша жөнелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азаматты ұстады. Ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы (Тонау)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұсталған адамның бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру