Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің полицейлері екі күн ішінде 400-ге жуық жаяу жүргіншіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан

2020 жылғы 14-18 қараша аралығында Павлодар облысының аумағында «Жаяу жүргінші» жедел – алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қабылданып жатқан шаралар кешеніне қарамастан, екі күннің қорытындысы бойынша полицейлер жаяу жүргіншілер жол берген 400 – ге жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп атап өтті Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Негізгі тәртіп бұзушылар көшені белгіленбеген жерден кесіп өтетін азаматтар болып табылады, олар мұндай құқық бұзушылықтарға көбінесе сауда үйлерінің, базарлардың және жаппай демалу орындарының жанында жол береді.

– Мәселен, 15 қараша күні сағат 18.30 шамасында Академик Сәтбаев көшесінде автопатруль жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен бір топ жас жігітті ұстады. Олардың  жолдың екінші жағына жерасты өткелі арқылы өту мүмкіндігі болды. Мұнда автокөліктердің ағыны үлкен, ал жол көктайғақ болды. Егер жүргізушілердің жылдам реакциясы болмаса, ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болмас еді. Олар полиция жақындаған кезде ғана төңірегіне назар аударған, тоқтатылған жігіттердің бесеуінің де құлаққап кигені белгілі болды. Олар не болғанын тіпті түсінбеді де, – деді Ғалым Сарғұлов.

Жаяу жүргіншілерден басқа, тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге жол бермеген 46 жүргізушіні, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзған 117 жүргізушіні, жылдамдық режимін бұзған 38 жүргізушіні, бағдаршамның қызыл сигналын елемеген 20 жүргізушіні, мас күйінде көлік құралын жүргізген 12 жүргізушіні анықтады.

Жыл басынан бері облыс аумағында 5 270 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру