Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада мас азамат өзгенің көлігін айдап кеткен

Елордада мас азамат өзгенің көлігін айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның автокөлігін айдап кеткені жайлы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол көлігін оталған күйі есік алдында қалдырып, өзі Алматы ауданындағы мейрамханалардың біріне кіріп кеткен. Көп ұзамай сыртқа шыққанда көлігінің орнында жоқ екенін көрген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының полиция қызметкерлері көлікті айдап кетуге қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында түнгі уақытта ер адам масаң күйде такси қызметін пайдалану үшін мейрамхананың алдында тұрған автокөлікке тақалғаны анықталды. Есігі ашық қалған көлікте жүргізушінің жоқ екенін және кілттерінің ішінде жатқанын көрген қаскүнем темір тұлпарды айдап әкеткен. Ер адам бір көшедей жүріп өткен соң автокөлікті жол бойында қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру