Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау полицейлері ұрлық жасады деген күдіктілерді ұстады

Ақтау полицейлері ұрлық жасады деген күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Белгілі болғандай, 8 қазан күні Ақтау қаласы 12-шағын ауданындағы аялдамалардың бірінде орналасқан азық-түлік дүкенінен қол сөмке қолды болған. Сөмке ішінде жәбірленушінің жеке басын растайтын құжаттары, қомақты сомадағы қаражат, зергерлік бұйымдар, сондай-ақ телефон болған.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 2,7 млн теңгені құрайды.

Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен 41 және 43 жастағы күдікті азаматтардың жеке бастары анықталып, ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру