Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ауыл тұрғыны заңсыз балық аулаған

ШҚО-да ауыл тұрғыны заңсыз балық аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” ЖПІШ өткізу барысында Зайсан көлінде полицейлер заңсыз балық аулаумен айналысқан 50 жастағы ауыл тұрғынын ұстаған.

Келтірілген залал шығыны 500 мың теңгені құрайды. Оқиға орнынан 120 келіден астам көксерке, қарақұйрық, алабұға, құтқа сияқты балық түрлері және қайық пен мотор табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру