Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада мас жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашқан

Елордада мас жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері сағат 03:00 шамасында Керей Жәнібек хандар көшесінде Toyota Camry автокөлігін тоқтатпақшы болған. Автопатруль экипажының тоқтау туралы талабын жүргізуші елемей, жылдамдықты арттырып, полициядан қашқан. Қуғын-сүргін кезінде құқық бұзушы Тұран даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүріп, одан әрі Тұран даңғылының екі қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүріп өткен.

Полицейлердің талаптарына бағынбай, жүргізуші жоғары жылдамдықпен жүріп, тас жолға шығып кетіп Астана – Қабанбай батыр – Теміртау автожолында көлікті басқара алмай, жолдың шетіндегі жыраға аударылуға жол берген.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші “жеңіл” дәрежедегі алкогольдік мас күйде болған. Осылайша, жүргізуші өз әрекеттерімен әкімшілік кодекс нормалары бойынша 6 заң бұзушылық жасады. Бұл – мас күйінде көлікті басқару, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне бірнеше рет жүріп өту, техникалық тексеруден өтпеген және полиция қызметкерінің заңды талабын орындамаған.

Әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Құқық бұзушының автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

5-29 ақпан аралығында қала аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Екі тәулік ішінде полицейлер 1467 ЖҚЕ бұзушылығын анықтады, оның ішінде көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 2 жүргізуші ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру