Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда тұрғынның телефонын қолды қылған бойжеткен ұсталды

Жезқазғанда тұрғынның телефонын қолды қылған бойжеткен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласында iPhone телефонын ұрлады деген айыппен 19 жастағы қыз ұсталды. Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, қымбат телефонды ұрлаған күдіктіні ұстады.

Дүкендердің бірінің сатушысы полицияға хабарласып, қызына тиесілі iPhone телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткені жайлы жеткізген. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғыны анықталды.

Күдікті ұрлық жасағаны үшін өзінің кінәсін мойындайтынын және оның қылмысқа қатысы бар екенін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға бағытталған тергеуді жалғастырып жатыр. Күдікті қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаға тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру