Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада өзгенің көлігінен телефон ұрлаған күдікті анықталды

Елордада өзгенің көлігінен телефон ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, қаспен көздің арасында телефонының ұрланғанын айтып, жүгінген. Белгілі болғаны, жәбірленуші автокөлігін ашық қалдырып, аз уақытқа гаражға кіріп кеткен. Осы сәтті сырттай бақылап тұрған қала тұрғыны оның салонда тұрған телефонын жымқырып үлгерген.

Ұрының барлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленуші Iphone 7с телефонының құны 129 мың теңгені құрайтындығын айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 40 жастағы елорда тұрғынын анықтап, полиция бөлімініе жеткізді. Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру