Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер "Астана ветсервис" еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Елордада полицейлер "Астана ветсервис" еңбек ұжымымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы мақсатта полиция қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің  "Астана ветсервис" мекемесінің еңбек ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу, азаматтардың есірткі қылмыстарына тартылуына жол бермеу, сондай-ақ әр адамның өз денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сақтау, пайдалану және таратудың құқықтық салдары түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамға қауіп төндіруі мүмкін құқық бұзушылықтар туралы дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлаудың маңыздылығы айтылды.

Мұндай кездесулер полиция мен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға ықпал етеді. Профилактикалық жұмыстар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, есірткі қылмысына қарсы күресте қоғамның күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Елордада есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары тұрақты негізде өткізіліп, халықтың түрлі санаттарын, еңбек ұжымдарын және қоғамдық ұйымдарды қамтып келеді. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың денсаулығын қорғау және қалада қауіпсіз орта қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру