Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада қайғылы жол апаты орын алды

Елордада қайғылы жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды.

Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге қырағы және барынша мұқият болу, жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындарда ғана кесіп өту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру