Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада «Қоғамдық қауіпсіздік» ЖПІШ аясында 77 мас жүргізуші анықталды

Елордада «Қоғамдық қауіпсіздік» ЖПІШ аясында 77 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда аумағында ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап «Қоғамдық қауіпсіздік» жедел алдын-алу шарасы жүргізіліп жатыр. Полицейлер жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, көлікті мас күйінде басқару фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар жүйесін күшейтіп жатыр.

ЖПІШ басталғалы бері көлікті мас күйде басқарған 77 жүргізуші ұсталды. Бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 12 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, полицейлер патрульдеу кезінде сағат таңғы 04:00 шамасында Әлиев көшесінің бойында Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатқан. Көлікті 32 жастағы ер адам басқарған. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Тәртіп бұзушының айтуынша, ол достарымен туған күнін атап өтіп, екі саптыаяқ сыра ішкен.

Сол түні Айнакөл көшесінің бойында қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде келе жатқан ВАЗ 2110 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Тексеру барысында оның 2022 жылдың қазан айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Медициналық куәләндырудың қорытындысына сәйкес, жүргізушілер «жеңіл» дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Көліктер қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру