Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері аккумулятор ұрлығымен айналысқан топты ұстады

Ақмола полицейлері елорда манындағы өңірде аккумулятор ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмыстарды ашты.

3 ақпан күні Қосшы қаласының полиция бөліміне Тайтөбе ауылының 21 жастағы тұрғыны 3 ақпанға қараған түні белгісіз адамдар қазандық үй-жайынан КАМАЗ автокөлігінен аккумуляторлық батареяларды, автономды жылытқышты ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінді. Келтірілген залал сомасы 1 млн теңгені құрады.

6 ақпан күні үйдің ауласында тұрған Shacman маркалы автокөлігінен аккумуляторларды ұрлау туралы өтінішпен Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел ауылының 39 жастағы тұрғыны жүгінді. Ағымдағы жылдың 3-7 ақпан аралығында Қосшы қаласы мен Целиноград ауданының 7 тұрғыны полицияға осындай өтінішпен жүгінген.

Тәжірибелі қызметкерлерден тұратын жедел тергеу тобы ұрлық сериясын ашуға бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтады.

Тайтөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны мен Астананың 22 жастағы тұрғыны елорда маңындағы аймақта ұрлықтың 5 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Күдктілер ұрлықты түнде жасаған, ауыр жүк көліктері мен арнайы техникадан ұрланған аккумуляторлық батареяларды олар автомобильмен әкетіп, астаналық аккумуляторларды қабылдау пунктіне тапсырған. Жалпы, полицейлер 19 аккумулятор жинағын алып, иелеріне қайтарып берді. Келтірілген залал сомасы 2 млн теңгеден асты.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеумен күдіктілердің барлық жағдайлары мен басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар екенін анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру