Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада супермаркеттен гигиеналық заттар ұрланған сәт бейнекамераға түсіп қалған

Елордада супермаркеттен гигиеналық заттар ұрланған сәт бейнекамераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүкеннің күзет қызметінің басшысы Байқоңыр аудандық полиция бөліміне хабарласып, 36 бума гигиеналық заттардың ұрланғанын хабарлаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер ұрлық болған орынды түсіріп тұрған бейнекамераны қарап, күдіктілердің ізіне түскен. Кадрда екі жас жігіт сауда алаңына кіріп, сөреге қарай бет алған. Біреуі сөредегі пакеттерді күртешесінің ішіне тығып, апұл-ғұпыл дүкеннен шығып кеткен.

Сөйтіп, тәртіп сақшылары бейнекамераның көмегімен дүкендегі ұрлыққа қатысты деген күдікпен бұрын сотталған 25 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындады. Алайда оның ұрланған гигиеналық заттарды төмен бағаға сатып үлгергені белгілі болған. Сонымен қатар құрықталған азаматтың елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру