Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада түзеу мекемесінің қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмектесті

Елордада түзеу мекемесінің қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша EЦ-166/10 мекемесі жеке құрам қызметкерлерімен әлеуметтік құқықтық көмекке мұқтаж отбасыға азық-түлік жағынан көмек көрсетілді.

Аталмыш игі істің мақсаты – еліміз үшін елеулі мереке қарсаңында өмірде қиын жағдайға тап болған жандардың жүректеріне үміт ұялатып, демеу болу. Бұл шараға барлық қызметкерлер өз үлесін қосты. Балаларға сыйлақтар берілді. Сонымен қатар тәттілер, шырындар мен жемістер сатып алынды.

Осы үйдің тұрғындары қызметкерлерді ерекше ілтипатпен қызметкерлерді карсы алып, шын жүректен алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру