Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада үш ұрлыққа қатысы бар азамат анықталды

Елордада үш ұрлыққа қатысы бар азамат анықталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы ПБ қала тұрғыны арызданып,  оның Шарбақты көшесіндегі үйінің бөлмесінен белгісіз біреу автокөлігінің 4 дөңгелегін ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 200 мың теңгені құраған. 

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері  20 жасар қала тұрғынын анықтады. Ол дөңгелектерді 40 мың теңгеге сатып жіберген. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.

Аталған факт бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу барысында белгілі болғаны, күдікті  азаматтың қала бойынша тағы да екі ұрлыққа қатыстылығы белгілі болды. Сонымен қатар бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны да анықталды. 

Айта кетсек, елорда аумағында осы жылдың 20 қарашасынан бастап “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Алдын алу іс-шарасының негізгі бағыттары – көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту, вандализм фактілерінің жолын кесу, заңсыз көші-қонды анықтау және т. б.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру