Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт Қостанайдан табылды

Елордада жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт Қостанайдан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір жылға жуық жас жігітті туыстары іздеді. 21 қаңтарда күндізгі уақытта жігіт үйінен шығып, қайтып оралмаған. Полицияға жоғалған інісі туралы оның әпкесі жүгінген. Жас жігітті іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы бағдар алып, іздестіру ісі қозғалды.

Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған азаматтың болуы мүмкін жерлерді зерттеп, оны соңғы рет көрген адамдардан сұрау алынды. Қолданылған шаралар нәтижесінде елорда тұрғыны Қостанай қаласында табылды. Онда ол аспазшы болып жұмыс істеген және жалдамалы пәтерде тұрған.

Жас жігіт құмар ойындарда ақша ұтылып, қарыз болып қалғандықтан үйден кетіп қалғанын түсіндірді. Жігіттің үйінен бірінші рет кетіп қалмағаны және ойын ойнауға құмар екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта жігіт туыстарының жанында. Табылған жігіттің туыстары Алматы ауданының полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

– Жедел уәкілдер Ерболат Жанұзақов пен Айдар Қалиевке өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Осы уақытқа дейін полиция қызметкерлері менің бауырымды іздеп, тауып берді, – деп жігіттің ағасы алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру