Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық департаментте консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Елордалық департаментте консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талқылау тақырыбы “2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының” негізгі мақсаттары мен міндеттері болды. Сондай-ақ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде өткізілетін, полицейлердің адалдығын тексеру механизмін (Integrity Check) енгізудің басымдылықтары болды.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік құрылымдардың азаматтық қоғам институттарының нәтижелі өзара іс-қимылының жаңа жолдары мен нысандары туралы айтты, күн тәртібіне қойылған мәселелердің өзектілігі мен олардың жақын арада шешілетінін сеніммен атап өтті. Жан-жақты пікір алмасу болды.

Отырыс қорытындысы бойынша, ККО мүшелері “2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасына” енгізу үшін ҚР ІІМ-ге ұсыныстар әзірлеп, жолдады.

Бұдан бөлек, Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев халық алдындағы есептік кездесу барысында қатысушыларға “Integrity check” ІІМ жобасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық қауіпін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жеткізіп, оны әзірлеуге атсалысуды ұсынды.

Бұл кездесуге төраға Абай Байгенжин және консультативтік-кеңесші органның мүшелері Марат Башимов пен Бибігүл Ысқақова, сондай-ақ ҚР адам құқықтарын қорғау халықаралық комитеті төрағасының орынбасары Шахим Насибов қатысып, полиция қызметіне оң баға беріп, әзірленіп жатқан тұжырымдама қоғаммен серіктестікте полиция жұмысының тиімділігін арттыру үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру