Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер брендтік бутикте ұрлық жасаған азаматты құрықтады

Елордалық полицейлер брендтік бутикте ұрлық жасаған азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауда желісінің өкілі полицияға жүгініп, белгісіз адам бутиктен спорттық киім мен аяқ киімді алып кеткенін айтып, осылайша 145 мың теңгеге жуық сомада материалдық шығын келтіргені туралы арызданған. 

Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Тергеу барысында жігіттің сол жақ жағалауда орналасқан ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің біріне келгені анықталды. Күдікті сауда залында клиент кейпінде спорттық киімдерді қарап жүріп, өзіне керектерін таңдап киіну бөлмесіне кіріп кеткен. Содан кейін ол ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастап, спорттық киімдерді киіп, дүкеннен шығып кеткен.  

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде.   

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру