Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полициясы белсенді еріктілерді марапаттады

Ұлытау облысының полициясы белсенді еріктілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еріктілер – полиция үшін ерекше маңызды адамдар. Олар есірткі қылмысының алдын алуға, жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына және басқа да бағыттарда көмек береді.

Осы атаулы күні полиция департаменті есірткі кылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Оспанов қаламыздағы “BIRLIK” еріктілер ұйымының белсенді мүшелерін марапаттады.

Қаладағы жастардан құралған волонтерлер тобы полиция департаментімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Жыл басынан бері полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жасөспірімдер арасында есірткі кылмысының алдын алу, граффити суреттерді өшіру, жол қауіпсіздігі, интернеттегі алаяқтық, флешмоб ұйымдастыруға белсене қатысты. Волонтер жастарға полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиевтің алғыс хаты табысталып, белсенді жастарға құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру