Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазған полицейлері “Профилактикалық онкүндік” акциясын өткізіп жатыр

Жезқазған қаласының полиция басқармасы алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзушыларды анықтауға бағытталған “Профилактикалық онкүндік” акциясы аясында рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары, облыстық мәслихат депутаттары және білім басқармасының өкілдерінен құралған мобильді топ рейдтік іс-шаралар барысында заңнамада тыйым салынған түнгі уақытта алкоголь сататын бес дүкенді анықтады.

Дүкен иелері алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына рұқсат бергені үшін және кәмелетке толмағандарды осындай мекемелерде болуына рұқсат бергені үшін дәмхана иесіне екі хаттама толтырылды.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандарды жағымсыз әсерлерден қорғау және алкогольдік ішімдіктер саудасы саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру