Елордалық полицейлер ПИК өкілдерімен тығыз байланыс орнатуда
Елордада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция ПИК-пен тығыз байланыс орнатуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті пәтер иелерінің кооперативі және мүлік иелерінің бірлестігімен тығыз байланысты орнату бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бұл елордадағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстар болып табылады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, тұрғындардың қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы бірлескен жұмыс мәселелері барынша өзекті болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «қолжетімді полиция» қағидаты тұжырымдамасы іске асырылуда. ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевпен 2021 жыл «құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» деп жарияланған.
«Қоғамдық тәртіп пен азаматтарымыздың қауіпсіздігін сақтау біздің қызметімізде басым болып табылады», – деп Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығы Ержан Саденов атап өтті.
Полицейлердің ПИК және МИБ төрағаларымен тұрақты негізде өткізілетін кездесулерде қарастырылатын күрделі мәселелер зерделенеді.
Учаскелік полиция инспекторлары ағымдағы жылдың 7 айында ПИК-пен 582 кездесу өткізіп, келіп түскен барлық өтініштер бойынша шаралар қабылдады.
Бүгінде елордада 700-ден астам ПИК пен МИБ бар, олармен алдағы уақытта да осындай кездесу ұйымдастырылады. Мұндай кездесулерде қала тұрғындарын толғандыратын, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, алкоголь мен есірткіні пайдаланатын адамдардың қоғамдық тәртіпті бұзуына байланысты проблемалық мәселелер көтеріледі.
ПИК-тің жекелеген басшылары заңсыз жұмыс істейтін хостелдер мен жалға берілетін пәтерлерді анықтау, нашақорларды, жанжалқойларды және азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де адамдарды анықтау бойынша учаскелік инспекторлармен бірлескен жұмысына оң нәтиже беруде.
Бүгінгі таңда учаскелік инспекторлар жалпы үй чаттарына қосылған. Олардың саны 230 мыңға жуық азаматты қамтитын екі мыңнан асады. Бұл бағыттағы жұмыс полицияның халықпен өзара байланысын нығайтуда өзінің тиімділігін көрсете білді. Чаттар арқылы құқықтық мәдениетті арттыруға, жол-көлік жарақатының алдын-алуға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық ақпарат, фото, бейнематериалдар орналастырылады.