Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция бастығы халық алдында есеп берді

Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Елорда тұрғындары тікелей сұрақтар қойып, шағымдармен және ұсыныстармен жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ведомствосының басшысы елордалық департаменттің өткен жылғы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды қарады.


Жалпы, елордадағы жедел жағдай тұрақты. Статистикаға сәйкес, демографиялық өсіммен және көші-қон процестерімен, сондай-ақ анықталған құқық бұзушылықтарды неғұрлым принципті бағалаумен байланысты қылмыстарды тіркеудің 8,9%-ға шамалы ұлғаюы бар. Сонымен қатар 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 124-тен 123-ке дейін деңгейде қалды.

Қабылданған шаралар арқасында кісі өлтіру, ауыр дене жарақаты, зорлау, тонау, қарақшылық, бұзақылық, пәтер және қалта ұрлығы азайды. Қылмыстардың барлық дерлік санаттарының ашылуы жақсарды. Өткен жылдардағы бірқатар қылмыстар ашылды. Сонымен қатар іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталды, жоғалған 208 азаматтың тағдыры анықталды.


Сонымен қатар ПД бастығы желілік алдау мәселесі ерекше өзекті болып қала беретінін атап өтті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен интернет-алаяқтықтардың ашылуы жақсарды. 469 жалған хабарландыру мен заңсыз интернет-ресурстар бұғаттауға жіберілді. 194-і бұғатталды, 89 адам мен 3 топ ұсталды.

Полицейлер мұндай қылмыс түрлеріне қарсы тұру үшін бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Негізгі бағыттардың бірі – есірткі бизнесімен күрес.


Өткен жылы 214 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 171-і өткізу фактісі. 257 келіден астам әртүрлі есірткінің түрлері, 5 есе көп синтетикалық заттар тәркіленді. 4 нарколабораторияның қызметі тоқтатылды, есірткіні насихаттау бойынша 16 қылмыстық іс тіркелді. “Тұрақты арна” жойылды. Елорда аумағында есірткі жеткізуді және өткізуді жүзеге асырған ҰҚТ қызметінің жолы кесілді.

“2022-2025 жылдарға арналған Астана – есірткісіз қала” бағдарламасы іске асырылып жатыр. Онда есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар іс-шаралар көзделген.


Елордалық полиция бастығының айтуынша, Мемлекет басшысының қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін іске асыру сөзсіз басымдық саналады.

Елордалық полицейлер ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және “нөлдік төзімділік” атмосферасын құру жөніндегі жұмысты назардан тыс қалдырмайды. Бір жыл ішінде миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Елордадағы криминогендік жағдайға ойын-сауық және көңіл көтеретін мекемелері айтарлықтай әсер етеді. “102” арнасына мекеме маңында орналасқан үйлердің тұрғындарынан тыныштықты бұзу және құқыққа қайшы әрекет жасау туралы шағыммен 730 мың қоңырау келіп түсті. Бір жыл ішінде 333 сауда нүктесі мен ойын-сауық мекемелеріне лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды. 24-і лицензиядан айырылды, оның ішінде жетеуі ойын-сауық мекемесі.


ПД бастамасы бойынша “Атамекен” кәсіпкерлер палатасымен және “Астана Инновейшн” компаниясымен бірлесіп ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік рейтингі әзірленді. Ол тест режимінде “Смарт Астана” мобильді қосымшасының алаңында іске қосылды.

Тұрғындармен кездесуде департамент бастығы қоғаммен өзара іс-қимылды, полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді, сервистік модельге көшуді өзіне сеніп тапсырылған ведомство жұмысының негізгі бағыттары ретінде атап өтті. “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында жыл сайын оң профилактикалық әсер беретін бейнебақылау камераларының желісі кеңейтіліп жатыр.

Полиция ведомствосының басшысы апат жағдайына жеке тоқталды. Мұнда қабылданған шараларға қарамастан, жолдардағы жағдай күрделі болып тұр. ЖКО саны 22,6%-ға, жараланғандар саны 26,1%-ға өсті. Сонымен қатар жолдардағы өлім саны 20%-ға төмендеді.

“Қорғау” қосымшасы енгізілген сәттен бастап жалған мемлекеттік нөмірлері бар 98 жүргізуші анықталды. 1141-і жүргізуші куәлігі жоқ және 244-і басқару құқығынан айырылғандар. Коммуналдық тұраққа 903 автокөлік қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында “Integrity check” жобасы немесе парасаттылықты тексеру іске асырылып жатыр. Тексерулердің нәтижелері өз тиімділігін көрсетті, азаматтардың өтініштеріне жедел қызмет көрсетіле бастады, қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, адамдарға дұрыс және сыпайы жауап беруге тырысады, бұл сервистік модель қағидаттарына сәйкес келеді.

Сөз соңында департамент бастығы азаматтардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын, сондай-ақ полиция департаментінің Instagram ресми сайтына келіп түскен сұрақтарды тыңдап, жауап берді. Қала тұрғындарын жол қауіпсіздігіне, бейнебақылау камераларын орнатуға, қосымша бағдаршамдарға, тыныштықты бұзуға, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының жетіспеушілігіне қатысты мәселелер қызықтырды. Сондай-ақ қала тұрғындары Уәлиханов көшесіндегі Үркер тұрғын алабында қосымша жол белгілерін орнатуды сұрады. Мотоцикл жүргізушілерін арнайы мотоцикл жүргізу алаңдарын орнату мәселелері қызықтырды.

Сонымен қатар тұрғындардан учаскелік полиция инспекторларының жұмысына алғыс сөздер келіп түсті.

Марат Төлебаев барлық азаматтарға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілетінін атап өтті, сондай-ақ қатысушыларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру