Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан офицерінің ұлы досын мұзды судан құтқарды

14 жастағы Әмірхан Абай суға батып бара жатқан досын құтқарып, ерлік жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық оқушы №136 мектеп-лицейде 8-сыныпта оқиды.

Бір апта бұрын ол достарымен өзенге мұздың еріп жатқанын көруге барған.

– Біз сырғанап, ойнап жүріп, мұздың ортасына қалай барып қалғанымызды білмей қалдық. Бір кезде мұз ойылып, Мұхамеджан деген досым суға түсіп кетті. Мен оны басында байқамадым, тек ол “Әмірхан” деп айғайлағанда ғана артыма жалт бұрылып, суға батып бара жатқанын көрдім. Ойлануға уақыт болған жоқ. Тез арада суға түсіп, оны құтқарып қалуға тырыстым. Суға сүңгіп, Мұхамеджанға дейін малтып, оны желкесінен тартып, қалың мұзға дейін апардым, – дейді Әмірхан.

Кейін оларға судан шығуға Сұлтан, Нұрболат және Даниал деген достары көмектескен. Балалар Мұхамеджан мен Әмірханды кезек-кезек судан алып шыққан.

Әмірхан кішкентай кезінен бастап жүзумен және футболмен айналысады. Қазір ол Қызылорда қаласының “Қайсар” футбол клубы, “2009” футбол командасында ойнайды.

Әкесі – ҚР Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Берік Жанулин.

Әкеге қарап ұл өсер. Ұлттық ұлан офицерінің өз ұлын нағыз азамат етіп тәрбиелегенін осы батыл әрекеттен байқауға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру