Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғын техникалық қызмет көрсету станциясынан қосалқы бөлшектер ұрлаған

Елордалық тұрғын техникалық қызмет көрсету станциясынан қосалқы бөлшектер ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” арнасына түнде белгісіз біреудің техникалық қызмет көрсету бекеті аумағынан жасырын түрде автокөліктің жалпы сомасы 100 мың теңгеге жуық қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Мән-жайды анықтауға Байқоңыр аудандық ПБ-ның жедел қызметкерлері жұмылдырылып, елорданың 54 жастағы тұрғынын ұрлық ісіне күдікті деп анықтаған.

Бейнебақылау камераларының көмегімен ұрлықты ашып, қаскүнемнің ізіне түсуге мүмкіндік болған. Полиция оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын да анықтады. Алайда ол ешқашан түзу жолға түспей, бұзақылығын жалғастыра берген.

– Жедел қызметкерлер күдікті азаматтың орналасқан жерін анықтады. Ер адам пробациялық бақылауда болғанына қарамастан, тұрғылықты жерінен рұқсатсыз кетіп қалып, тағы да қылмыс жасаған. Ер адам ұрланған затын металл сынықтарын жеткізу пунктіне өткізгісі келгенін, бірақ үлгермегенін мойындады, – дейді Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Омаров.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру