Елордалық тұрғыннан шолақ мылтық пен есірткі тәркіленді
Елордада ер адамнан шолақ мылтық пен есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Қосшы кентінің тұрғынын анықтады. Тінту барысында одан мефедрон есірткі затының 3 полиэтилен байламы табылып, тәркіленді.
Әрі қарай, тұрғылықты жерін тінту кезінде пышаққа ұқсас металл зат табылды. Маманның қорытындысына сәйкес, бұл зат 5,6 мм калибрлі ТОЗ-8 аңшылық мылтықтан оқпанды өз қолымен қысқарту арқылы жасалған, атуға жарамды қысқа ұңғылы атыс қаруы.
Қазіргі уақытта 39 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп –тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.